31 Тамыз 2024
Хабарландыру

Орта білім беру ұйымдарының бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша тұрақты бос лауазымға конкурс жариялаймыз

«Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 

Орта білім беру ұйымдарының бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша тұрақты бос лауазымға конкурс жариялаймыз

  1. «Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай ауылы, пошта индексі 030606, электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., телефон 8-71-(331)-26-4-16 педагогтың тұрақты лауазымына конкурс жариялайды.

Лауазымның атауы:    Орта білім беру ұйымдарының бастапқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы (1 бірлік)

Оқыту тілі: қазақ тілі

                   Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: еңбекақы  мөлшері  149893 теңге.

                                                                              (жалақыға есептелген төлем – ұсталымсыз)

  1. Негізгі функционалдық міндеттері:

      Лауазымдық міндеттері:

  білім алушыларды әскери – патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды; оқу бағдарламаларын, оқу – әдістемелік кешендерді әзірлейді;

оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;

басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

білім беру ұйымдарының бастапқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге, әскери іс негіздерін зерделеу бойынша әскери – патриоттық клубқа басшылық етеді, төтенше жағдайлардағы іс – қимылдар бойынша практикалық сабақтар менжаттығулар өткізеді;

әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою жөніндегі алдын ала жұмысты ұйымдастырады;

білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, қысылтаяң жағдайларда әрекет ету бойынша іс – шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, қысылтаяң жағдайларда азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының әзірлігін қамтамасыз етеді;

оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;

білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      Білуге тиіс:

     Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы";

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу, бастапқы әскери даярлық мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу – тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың нормалары;

экономика негіздері, еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

3.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

 

«Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы» мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

«Запастағы офицер», офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог – модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл,  педагог-шебер үшін – 5 жыл.

4.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.08.2024ж.  – 06.09.2024ж.

                                                                               (7 жұмыс күні)

Құжаттарды қабылдау уақыты (қағаз түрінде болса) – 9:00 – 17:00 сағ.аралығы

Үзіліс 13:00 – 14:00 сағ.аралығында

Құжаттарды қабылдау орны: мұғалімдер бөлмесі.

 

  1. Қажетті құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.

      1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)

  3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

       7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

       11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) кемінде       10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480

 

 

Жаңалыктар