18 Қаң 2025
Хабарландыру

Педагог – психолог мамандығы бойынша уақытша бос лауазымға конкурс

«Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Педагог – психолог мамандығы бойынша уақытша бос лауазымға конкурс

  1. «Қаратоғай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай ауылы, индекс 030606, электрондық пошта Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., телефон 8-71-(331)-26-4-16 педагогтың уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.
  2. Уақытша бос лауазымның атауы: Педагог-психолог (1 бірлік)

Негізгі функционалдық міндеттері:

Педагог-психолог мынадай мiндеттердi аткарады:

  • Тәрбие іс мен оқыту процесiнде оқушылардың (тәрбиеленушілердің) психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандығын сақтау бағытындағы кәсiби қызметiн жүзеге асырады;
  • бала құқыктары конвенциясына баланың жеке құқыктарының сақталуына ыкпал етедi;
  • әлеуметтік салалары үйлесімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді; әлеуметтік дизадаптация пайда болуының алдын алу бағытында сақтандыру шараларын жүзеге асырады;
  • балалардың дамуына кедергі келтiретiн факторларды анықтайды және оларға әртүрлi психологиялық көмек көрсету (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық) бағытында шаралар қабылдайды;
  • балаларға, ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмектеседі;
  • әртүрлі бейiн, бағыттарда психологиялық диагностика жүргiзедi;
  • зерттеу материалдары бойынша оқушылардың, тәрбиеленушілердің жеке тұлғалық және әлеуметтік дамуы проблемаларын шешу iсiнде педагогика ұжымына, сондай-ақ ата-аналарға (заңды өкiлдерге) бағдар беру мақсатымен психологиялық-педагогикалық қорытындылар әзiрлейді;
  • белгiленген форма бойынша құжаттама жүргiзедi және оны тиiстi мақсатта қолданады;
  • оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, бiлiм беру қызметi бойынша дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға, әзiрлеуге қатысады, олардың әртүрлі жағдайларда өз өмiрлiк және кәсіптік тағдырын өзі шешуге дайын болу қабілетін дамытуға жәрдем етедi;
  • творчестволық тұрғыдан дарынды тәрбиеленушiлерге психологиялық қолдау көрсетеді, оларды іздеп табуға, таланттарының дамуына ықпал жасайды;
  • тәрбиеленушiлердiң әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарды (акыл-ой, физикалық, эмоционалдық) анықтап, оларды психологиялық-педагогикалық түзету бағытында шаралар қолданады;
  • оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогика қызметкерлерiнiң және ата-аналардың (занды өкiлдердiң) психологиялық мәдениетін қалыптастырады.
  • Қызметкерлерiне окушылардың, тәрбиеленушiлердiң педагогтардың, ата-аналардың (заңды өкiлдердiң) әлеуметтік-психологиялық құзыретiн арттыру бағытында психологияны практикада қолдану мәселелері жөнiнен кеңес береді;
  • Педагогикалық әдістемелік кеңестердiң жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге, білім беру бағдарламаларында қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргiзiлетiн шараға қатысады;
  • еңбек қорғау, қауiпсiздiк техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды.

Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: еңбекақы мөлшері 156733 теңге.

                                                                               (Жалақыға есептелген төлем – ұсталымсыз)

3.Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:

Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

4.Құжаттарды қабылдау мерзімі: 17.01.2025 – 24.01.2025 жыл аралығында

                                                                               (7 жұмыс күні)

Құжаттарды қабылдау уақыты (қағаз түрінде болса) – 9:00 – 17:00 сағ.аралығы

Үзіліс 12:00 – 14:00 сағ.аралығында

Сенбі күні құжаттарды қабылдау – 09:00 – 13:00 сағ.аралығында

Құжаттарды қабылдау орны: мұғалімдер бөлмесі

  1. Қажетті құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480

Жаңалыктар